Жанарын бір нүктеден әкетпеді, тесіле қарады.. ~ Жай, сұлық, жалқау түспен байқаймын — шәкірт жігіт маған қадалып отыр. Бір-екі шыныаяқ шай іштім. Жігіт екі көзін алмайды. Басқалар оны елеп отырған жоқ. Шәкірт жігітім көзін аудармай отыр. С.Сей. ~ От басындағы Жөнейіт қазанның астында лыпып жанған қу тезектен көзін алмай ойға шомып отыр. Ә.Кек. ~ Біз олармен… тағы неге кездеспейміз? – деп сұрадым, иығы салбырап, бұрқ-сарқ аққан сары өзеннен көз алмай сүзіліп отырған Жолтайдан. Б.Тоғ.
