Posted in

КӨЗІН АҒАРТТЫ

Сан соқтырды, ұрлап кетті; қолды қылды, жерге қаратты, алдап кетті. ~ Сорлы десейші! Көзді ағартты десейші. Жалғыз Керіктен айырылған соң енді неңді мінер екенсің! Жағың қарысқыр, күн сайын азан салып, жалғыз атты жалмап жатыр екенсің ғой, – деп Дүйсембайды төмпештеді. Ж.Айм. ~ Жап-жаңа, аттай бір бас жіпті таққаны сол еді, сыртқы ауылдың балалары ала қойып, көзін ағартып кеткені. Қолына құлғана шыққыр! Қайсысы ғана ала қойды екен? Ж.Айм. ~ Бір күні кешке көже ішіп бола берген кезде, әжесі отырып: «Бұл көженің өзі де табылмай, көзімізді ағартпаса неғысын», деді. Жұман шошып кеткендей: «Е, ұның азайып қалды ма?» — деді. Әжесі 3-4 істемдік ұн қалғандығын білдірді. Ж.Айм.