Тура қараудан тайсалып, көзін алып кетті. ~ Абайдың да әйелге анықтап қызыға қараған жолы осы сияқты. Тоғжан
ұзағырақ қадалып, көз алмай отырып ақырын қызғылт тартқандай болды да, көзiн тайдырды. М.Әу. ~ Бәрінің де аяғына жем түсе қалған. Ешбірі тырп етпейді. Көлкіген көк мұнар. Құба сұр кеңістік, тылсым тыныштық. Хан іргеден көзін тайдырды. Ә.Кек. ~ Кешке тамақ үстінде Ажарға көзі түсіп кетіп еді; бұрын екі беті бөтекедей боп, томпиып жүретін қызы бүгін тым сұңғақ көрінді. Анасы манағы қонақтардың неге келгендерін айтып қойған ба, өңінде бір жабығылық бар. Қызының бетіне шұқшия қарауға ұялып, бір түрлі іші-бауыры елжіреп, көзін тайдырып әкетті. Ә.Кек. ~ Бірақ Исаға мен қабылан емес, əшейін тоқал мүйіз жас текешік көзбен қарасам керек, жайлап жымиды. Еріксіз көзімді көзінен тайдырдым. М.Қаб. ~ Сарыағаштың шипа суымен өшірейін. Иіле берген әйелдің қолын күйеуі қағып жіберді. Столға тұқыл күл шашылып қалды. Зияда намыстан жыламсырай, көзін тайдырды. Шөңке көзін ежірейтті. Т.Әл.
