Жарық дүниеге келгелі. ~ Әрине, көзін тырнап ашқалы осы таудың аң– құсын әкесінен қалған өз меншігіндей сезініп өскен Мерген аттылы– жаяулы, машиналы– мотоциклді әрбір келімсекті көргенде бүйідей жиырылатын, дәл бір әкесінің малына тиіскен ұрыларды көргендей, жер– көкке сыймай ашуланатын. К.Сег. ~ Көзін тырнап ашқаннан көріп келе жатқаны – ел ішінің дүрбелең–дүрмекке толы беймаза тірлігі, берекесіз бүліншілік, шаңдатпа шапқыншылық, талап–тонау, зорлық–зомбылық, қырғын–сүргін. Д.Рам. ~ «Құдай–ау, – деп ойлады қажу мен қиналыстан маңдайын мыж–мыж әжім торлап. – Көзін тырнап ашқалы тек иен дала, қой соңында діңкелеп жүрген қамкөңіл шалдың көкірегін осыншама шер, ащы запыран жайлап жатқанына кім кінәлі?! Ж.Шағ.
