Posted in

КӨЗІНДЕЙ КӨРДІ

Біреуден қалған дүниені (не ұрпағын) соның өзіне балап, ерекше бағалау, құрметке бөлеу туралы. ~ Әкеңнен қалған аманат еді бұл. «Ұл болса, есін жинап, етегін жапқан соң қалтасына сал», – деп еді марқұм. Әкең өсиетін орындадым, міне. Көзіндей көріп ұстап жүр, – деді. С.Шайм. ~ Өзі кетсе де көзіндей көріп бауырымызға салып өсірейік, бұдан да өзге балалары бар ғой, Абылайжанды ат жалын тартып мінгенше бізге қисын. І.Ес. ~ Ұзақ  жасаған  кісі,  тәбәрік аламыз  дейтін  ырымы  бар  екен  қазақтың,  киім-кешегін, домбырасына  дейін  жиылғандар  таласып-тармасып  талап алып  кетті.  Насыбай  уқалайтын  қара  саптаяғы  мен қамшысын  ғана  алып  қалып,  көзіндей  көріп  жүрейінші деп  сақтап  қойдым. Ш.Рах.