Көру қабылеті әлсіреді, көзіне ақау түсті. ~ Е, шырағым, айтайын: «Жайлауымды кар басты» дегенім — кәрілік жеңіп, шашым қудай болып ағарды дегенім еді. «Шұңқырыма су толды» дегенім — көзіме таған түсіп, жас тоқтамайтын болды дегенім еді. АҚ “Әкені арашалау”. ~ Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай білетін, айхай, қу тағдыр-ай! Боранқұл бордай босап егілді. Таған түсе бастаған қос жанардың жасымен сақалын жуды. Ғ.Біл.
