Көру қабылеті әлсіреді, көзіне ақау түсті. ~ Е, шырағым, айтайын: «Жайлауымды кар басты» дегенім — кәрілік жеңіп, шашым қудай болып ағарды дегенім еді. «Шұңқырыма су толды» дегенім — көзіме таған түсіп, жас тоқтамайтын болды дегенім еді. АҚ “Әкені арашалау”. ~ Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай білетін, айхай, қу тағдыр-ай! Боранқұл бордай босап егілді. Таған түсе бастаған қос жанардың жасымен сақалын жуды. Ғ.Біл.Жексұрын болып көрінді. ~ Отыра тұр, – деді Зайыбы. – Менің көзім жұмылса, кім саған уағыз айтып, басыңды қатырар
дейсің? Құлағыңды жеген сөзімнен де, көзіңе күйік болған өзімнен де құтыларсың. К.Сег. ~ Ех, дүние-ай. Құдай
қарғайтындай жазығым жоқ еді. Қу аяқтың қисық біткенін көрмейсің бе? Әйтпесе қолыма қару алып, майданда жүрмеймін
бе? Ел көзіне күйік боп көрінгенше. Ш.Күм. Дәулетке ауған көңілімді қалай бұрайын, бұра алмасам, ырқы қалай табайын!..
Ендігі қолымнан келетіні – көзіне күйік боларлық қылық көрсетпеу ғой деймін. C.Мұқ. ~ Бірнеше медальдары бар, ордені
жоқ. мұның қаратырнағы қанамай есенсау оралуы талай- талай қатынның көзіне күйік болып, қарғысына
ұшыратқан. О.Бөк. ~ Қылышты, ер ұстайтын, езге қиып, ырысты ел басына сөзбен үйіп, Айналып келе-келе келемежге,
болмадық қаншама бір көзге күйік. С.Иман. ~ Бүбітайдың өліміне ешкім қабырғасы қайысып онша жылай қоймап еді, тіпті кейбір
әйелдер: «Байғұс, қор болып, көзге күйік боп жүргенінше, өлгені дұрыс болды»,- деген, ал Мына жас баланың өліміне барлығының да
ет жүректері елжіреп, дауыс қойып, жылап- сықтап келіп жатыр. С.Мұр.
- Көзін суарды, қызықтырды. ~ Қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса да: “Қамар маған сүйдеді, бүйдеді…” деп,
неше күндей әркімге бір әйгілетіп, даурығуға со да жетуші еді. Қамар осылай әркімнің көзіне күйік болған қалпымен күннен-
күнге құлпырып, он бес жасына жетті. С.Тор. ~ Болса да қанша қатты қыз күйігі, Қара мен хан сүйегі қабыса ма? Сондықтан
бұл екеуі табыса ма? Қарға мен қаз құшағы қабыса ма? Көзіне күйік болмай күйші кетсе, Онымен қыз арманын тауыса ма?
І.Жанс.
