Posted in

КӨЗІНЕ ҚАМШЫ ТИГЕНДЕЙ

Қатты үркіп, жасқанып, бас сауғалау туралы. ~ Қыстың көзі қырауда елсізде қамалып, көлігі болдырып, жықпыл ішінде көзіне қамшы тигендей шыр айналып шыға алмай, енді аз күнде мұз омақаға айналып, суыққа қатып – қырылуға қалған қырық қызға Жаратқан Ие жіберген құтқарушы секілденді. Д.Дос. ~ Ертең еліне барғанда “ақ патшаның қасында отырып, бір табақтан дәм таттым” деп жыр қылар мақтанышын алдын ала ойлап, пішіп қойған шонжарлар, енді көзіне қамшы тигендей жасқанып, Шыңғыстың алдында мүсәпір күйге түсті. С.Жүн. ~ Көзіне қамшы тигендей басын кегжең еткізген осы бір уытты сөз оның санасында мәңгі қалды. Өмір бойы дәл осылай оны ешкім қорлаған емес, дәл осылай оны ешкім табалаған емес. Әлгі сөздің уты тұла бойын шарпып еңсесін көтертпеді. Ж.Баш.