Posted in

КӨЗІНЕ ҚҰМ ҚҰЙЫЛДЫ (ҮЙІЛДІ)

Қайтыс болды, ажалы жетті, көмілді. * Бұл адам көз сүйегi,— дедi ханға, — Тоя ма адам көзi мың мен санға? Жемiт көз жер жүзiне тоймаса да, Өлсе тояр көзiне құм құйылғанда. Абай. * Қуансаң етім саған бұйырғанға, Қасқырша табандап тарт сыдырғанда. Мені жеп тірілікте таймасаң да, Тоярсың көзіңе құм құйылғанда. Шәк. * Неге көңіл көзіме құм үйілген, Рухым қайда ел сеніп, жұрт сүйінген? Бақыт құсын маңыма жолата ма, Құдірет күш басыма бұлт үйірген. Р.Нияз.