Posted in

КӨЗІНЕ ТҮРТКІ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Жексұрын көрінді. ~ Есік ашылды. Босағаны көріп тұра қалған Алтын: — Қожайынның көзіне түрткі болмаңыз, ішке кіріңіз!— деді. М.Қаб. * Өйткені осының байбаламымен жұрттың бәріне күлкі болдық. Сөйтіп тектен-тек мазақ болып, жұрт көзіне түрткі боп тұрмын. Б.Мом. ~ Мен төркініме тipi жүрейін, тағы да байға тиейін деп келгем жоқ. Күнәсіз сәбиді көзге түрткі қылмайтын нағашыларына тапсырып берейін деп келдім. Ж.Шәк.