Әлдебір ерек сезімнен көз жасы ытқып шықты. ~ Өзіне өзі жаны ашып бір сәт көзінен жас ыршып босаңси бастайды. М.Әу. * Оның да, мұның да көзінен жас ыршып кетті. Қасапшы шаруасын бітіріп болып, сапысын жарқылдатып, артына жалт бұрылды. Итжеместің даусы шығып кетті. Қасапшының көзі атыздай болды. Ор жиегіндегілер де үрпиісіп қалды. Ә.Кек. * Құдды бір темірмен салып өткендей құйқасы шымырлап, көзі қарауытты. Бекенді қоя беріп, басын сипалаған ол көзінен жас ыршып кеткенін байқамай қалды. С.Әб. ~ Қанатын жайып жүгірген қызына еңкейе беріп көтеріп алды Шеге. Көзден жасы ыршып кетті. Қызы да “көке-көкелеп” бетінен сүйіп жатыр. С.Ел. ~ Кеше кешке қызбен кездескенімде, туғалы мұндай қуанған жоқ шығармын деп едім жоқ, ол қате екен, Күлтай есіктен кіріп келгенде, қуанғаным сондай, көзімнен жас ыршып кетті. Ә.Әб. ~ Кенен сол әнді де шырқап, қайырмасындағы: «Сөйтіп жүрген сұрша қыз, Көкшетауда қалдың – ау, Ау – өй сұрша қыз, Енді есен бол – ай!» деген сөздерді айтқанда, Балуанның көзінен жас ыршып кетті. С.Мұқ.
