Түкті аңғармайтын, сезбейтін; түйсіксіз; өзін-өзі қауіпке итермелейтін адам туралы. * Әйбүй, шикінай, көзсіз көбелек… Қойдым-қойдым, тойдым- тойдым. Ей, құрдас, жаңағы Жиынбектің айтқанына имандай ұйыдың ба?.. К.Хамз. * Әйел дейді-ау, әйел дегенің Көбейден өткен бәле емес пе! Олардың ішіне кім кіріп шығыпты. Албаты шоқ басып, көзсіз көбелек болып жүрсе қайтпек? Ә.Асқ. * Тегінде өлімнен, қауіп-қатерден сескенбейтін, көзсіз көбелектей жанған отқа барып түсе қалатын адам болмайды. С.Ом. * Махаббаттың у араласқан балын iшiп, көзсіз көбелекке айналып жүре берiппiн ғой! Д.Рам.
