Posted in

КӨК АЙЫЛ

Ұрысқақ, көк бет, ашушаң, пәлеқор. * Қадыр сабырлылық тілеп, басу айтса, бетінен алды. Шаруадан басқаны білмейтін жуас күйеу, көк айыл әйеліне қарсы ештеме айта алмай, мұрнын тескен өгіздей жетегіне еріп жүре береді.
С.Жүн. * (Мамозының әкесі) Жылдан-жылға маңайына қаталдық көрсетіп, көрші – қоңсыға әкім ғыла сөйлегіш, мазасыз, көк айыл шал болып алған. Ж.Ахм. * Болмайтын Батыраш бір көк айыл шал, Оның да жігітіне жер қайысар. І.Жанс. * Апырай, анасы пақыр бұл қорлыққа қалай шыдады екен? Әрине, өркөкірек ана ұрынарға қара таппай тепсініп жүрген көк айыл қақсалды қайтсін. Ә.Нұрп.

  1. Ерен күш иесі. * – Бұрын мен Қалқаш дегенді мосқал адам ба деп ойлаушы едім. Уыздай жап-жас жігіт екен-ау! Етінен ет кесіп алсаң мойымайтын көк айылдың өзі ме деп қалдым. Ж.Сәм. * Есіңнен өле- өлгенше қалмайтұғын, Ежелден құлаш мойын көк айылмын, Ылауға жеті күнге талмайтұғын. “Біржан-Сара”.