Мылжың; беталды сөйлей беретін сөзуар. ~ Жауласқан жатқа айтатын бітімсіз сөзін маған айтқаны екен ғой. Көбік ауыз Боқты көнбес, көк ауыз Мырза бермес. Кеңгірбай сөзі бұл болса бұл ара қоныс болмас. Б.Сап. ~ Зейнеп қарамады. Heгe қарамағанын Күләмза сезеді. Бұрын қуыршақ істегенде, ел ішінде атаққа шыққан «көкауыз келіннің жаулығының модасы» деп Күләмзаның қуыршағын Зейнептің өзі талай жамылдырып берген. Б.Май. ~ Адамның, оның ішінде таланттың тағдырын біреулердің пікірі арқылы шешу — қылмыс. Сол қылмыс әлі жазасын тартпай, өмір сүріп келеді. Көкауыз қызғаншақтардың арызынан, пікір таратуынан үрейіміз ұшады. Ф.Оңғ.
