Арлан қасқыр. ~ Қасқыр жазда түлейді. Киімін ол да жеңілдетеді. Ал қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін көк бөрің – осы. Ш.Мұрт. ~ Көк Бөрі біздің қасиетті киеміз ғой. Көк Түрік заманында көк байраққа алтындап, Көк Бөрінің басын салып қояды екен. Сол тегін деп пе едіңіз?! Тегін емес қой. Ш.Мұрт. ~ Қой, шырағым, мұның бос сөз, – деді Ахмет. – Жарықтық үлкен әкем тағы бір сөзінде айтушы еді, арғы атамыз көк бөрі екен деп. М.Мағ. ~ Оларға жол сілтеген тылсыматты құдірет не?! Әлемді шарлаған көк бөрі рухы бізді тағы бір қиырға жетелемей ме! Ж.Шәк.
