Майсыз, құнарсыз, жілігі татымайтын мал еті. ~ Ту – у, жоқтан дәметіп әбден еріккен екенсің!.. Көкбақа бір торпақ сойды деп!.. Ту биенің қартасын қара етінен аршып жеп отырған адам көк жасықты нағылсын деп едім… Қ.Ысқ. ~Жеуге жарасын, жарамасын сол енді. Жемегенде далаға тастаймыз ба?! Әлде біріміздің етімізді біріміз жейміз бе? Әне, қайыңның бауыры қайысқан ет. Бәрі көк жасық, көкбақа. С.Жүн. * Таудан тасқа секіріп жүріп, арқар табудың өзі ақырет-ті. Табылған күнде де қазіргідей көк жасық кезінде қу шандырды тартқылап отырудың өзі бір азап. Оқтың да шетіне шығуға қалған. Ш.Айт.
- ә) Көкбақа, ісі шала, тыриған арық адам туралы. ~ Өй, көк жасық! – қара қатын милиционерді адамбысың, итпісің дейтін емес. – Сені алмаған құдайдың тамағы тоқ қой, – деп жағалай отырған жұртқа қарады. – Естідіңдер ме мынаның былжырағын. Н.Дәу. * Тасқұл ата наразы, мұның шалаширақ балапандай әлсіздігін қомсынып, жан алқымынан ашу қысқанын айтпай білді. Шіріген жұмыртқа, шүрегей, көк жасық дейді-ау. А.Кем.
