Posted in

КӨК ИЫҚ БОЛДЫ (ЕТТІ)

Нөсер жаңбырдың астында қалып, әбден суға малшынды. ~ Аттары да сенделді. Көйлекке шейін сорғалап су өтті. Су болмаған түк қалмады. Екі министр әбден сүмірейіп көк иық болды. С.Сей. ~ Мыжғылап соғып, көк иық болып, екі қарың салбырап, жүрегің қарайып, үсті-басың лай суға сүңгіп шыққандай боласың. С.Сей. ~ Кешегідей өткінші болар, аздан соң басылатын шығар деп күткенімізбен, жаңбыр көк иық етіп ұзақ сілбіледі. Ә.Асқ.