Posted in

КӨК МИ (ҚЫЛДЫ)

Зердесіз, ақылы тапшы, жарымес. ~ Тұмарбай – қала жатағының баласы. Екі кластық үшкөлде 8 жыл, мал бершілінің үшкөлінде 2 жыл оқыса да, мешкей кісінің аузынша, оқудан түк жұқпаған бір көк ми еді. Ж.Айм. ~ Ұғуын ұқтым ғой, Меңтай. Бірақ мен көк мимын ғой. Қазір ұққанымды қазір ұмытып қаламын. Ә.Нұрш. ~ Мұны естіген қасқыр көк ми жігітке мейірбаншылық еткендей сүзіле қарап, өтініш етіпті. Күні-түні желе жортып, сандалмамен жүргенім мынау. ҚЕ.

КӨК МИ ҚЫЛДЫ

Естен айырды, жынды қылды. ~ Не жейміз?І Сұрау салмас па, іздемес пе бір… Ертеңнен қара кешке жұдырықтай баланың, басын қатырады да отырады. Көк ми қылып жібермесе неғылсын… Ғ.Мұст. ~ Ұлы империяға қойын құрттап, айранын ұрттап құнжыңдаған қарашобыр қойшы ғана керек болды. Көк ми қылам, көк су қылам деп торала берген сүт бетін қалқып ап төкті де отырды. Т.Сәу.