Posted in

КӨК МОЙЫН

Ішімдік шишасы. ~ Көзім түсіп кетті. «Сарыағаш» суы мен шырын сусындардың түр-түрі, сорайған көк мойындар да сап түзеп қалыпты. Қ.Түм. ~ Сонда бұлар жәшіктердің үстіне отырып, мұздай араққа ыстық ықылас қойған. Кезек- кезек сыйласып, жігіттер бір- бірден көк мойын алған! Ә.Тар. ~ Стол үстінде тұрған ақтамақ, көк мойындар да сылдыр қағып құлаққа жайлы әніне басты. Ә.Әб.

  1. Сымбатты, көркем. ~ Аманшылық боп каникулға келсең, Қызылжардан қасыңа еріп шығам да, нендей көк мойын қыздардың бірін көрсетем С.Мұқ. ~ Алмагүл маған салқындау амандасты. Сөздің ретінде жолдасына мына мырза Торғай елінен келген Дану сері құдай қосқан қосағым Көкшенің көк мойыны Мұрат деп жолдасында таныстырып өтті. АҚ “Үш хикаят”.