Posted in

КӨК ПЕРІ

Адамның бойындағы кеилі күш, ерекше тылсым қасиет. ~ Тіршілік иесі адам баласына жерге түскен бір ұшқын қар бір қарыс қайғы-мұң сыйлап жатқанымен санасар көк перісі жоқ, тек бұйрық орындайтын солдаттардай төбе де төпеп тұр. Н.Абдыр. ~ Бар еді ол қожада не жұмысың? Қасына жолдас болып еріп едім. Нұрила бір күрсініп, көңілденді: – Атамның айдап келген көк перісі. Батырды Бердіқожа көрген болсаң, Бар екен ол батырдың не белгісі? “Бердіқожа б.” ~ Айналып үнсіз бір-бірін аялар мәңгі, Осы бір шексіз жұмбақтың шешуі мәнді. Алыста-ақ тұрып көк пері бәрін аулайды, Қоярда қоймай шым-шымдап көңілде барды. Б.Раис. ~ Дем салды мыстан сонда тұра сала, үрейлі жандай-ақ бір аласұра. —Көк перің бойыңдағы шошыныпты, Қозғалып қалған екен іште бала. “Еділ мен Жайық б”.

  1. Долы, бетпақ, көкауыз. ~ … бәрі жақсы, жарасты өмір сүріп жатқан секілді, ең қоры біз секілді, сосын бәрін саған теліп, ынжық деп ғайбаттап та жүрдім; сіркемді су көтермейтін көк пері болдым… О.Бөк. ~ Тағы да бір– екі кесе ішкісі бар– ды, бірақ үндеген жоқ, үндесе үдетіп алатынын ойлады; ал әйелі барып тұрған көк пері екенін біледі; ал әйелі шынында бір ашуға мініп долданса, айын аспаннан келтіріп, бала-шағасымен қоса бықпырт тигендей айдап шығарына кәнік–ті, бастан талай– талай өткен сыралғы оқиғалар. О.Бөк.