Сақалына ақ түсе бастаған, орта жастардағы ер адам. ~ «Алыпсың астау сұрап, ақылы жоқ, Айрылған, ақымақ шал, – дейді, – есінен! Деп ұрысты: «Миы ашыған, қу көк сақал! Астауға қызыққандай қанша еді мал? Қуанып қу астауға келген несі? А.Байт. * Алтайдың кәр жынындай бақылдаған, Көк сақал, азбансыған, бұл кім өзі? І.Жанс. * Көк сақал қонақ ас қайырды, сосын ұзақ мақамдап бата қылды. Ә.Кек. * Бекеттің тегін күлмегені де рас еді. Ақ сақал мен көк сақалды ерегістірмейін деп әлдебір естіген анекдотын айтты. Қ.Ысқ.
