Қырынғаннан кейінгі көгіс тартқан иек; көсе. ~ Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, — деді қара бұжыр. — Ойбай, шырағым, ақша жоқ! — Ақша жоқ деген не сұмдық? Біз ондайды естімейміз! — Не көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, — деп жолдасы күңкілдеді. Б.Майл. * Дұрыс, peтi келеді-ақ… әй, нөмір бастығы қайсысың? Азамат Азаматыч дейтін жігіт келді, ең әдемі нөміріңді дайында, – деп көк тұқыл шалды алдына салып бүкшеңдетіп Медеу жүр. Б.Майл. * Орталық, оның бірден бір өкілі көк тұқыл Г.Колбин патша заманасының ұлт саясатының ең надан түрін осылай жаңғыртты. БАҚ. * Көк тұқыл ібілістен саусың ба өзің! Жолаушы жаратылысынан көзсіз батыр адам еді. Бірақ, дәл қазір жүрегінің түгі толғанмен о да шошына бастады. Р.Рай.
