Posted in

КӨК ШЕШЕК

Баланы жазғыру ретінде айтылады. ~ Өй, көк шешек, дұрысын айтсаң хандығыңнан түсемісің… Әй, қағынды келгір, әлгі малшылар алыста жүр ме, жақын арада ма, тез бар да Мұхаммет пен Ыбантайды алып кел. С.Жүн. ~ Түпкі бөлмеден апам жүгіріп шықты алқын-жұлқын. – Ей, көк шешек дейді. Ұйқылы-ояу, жүзінде реніш бар. Ұйқылы ояу екенін ұйпаланған шашы мен қанталаған көзі айтып тұр. Е.Әб. ~ Өрмек тоқып отырған кемпір: «Алдағана көк шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке бүйтіп, жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп жүрген сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?» – деп қарғап сілейді. “Ер Төстік”.