Адамгершілігі мол, сауатты, көзі ашық, оң мен солын айыра білетін, парасаты бар адам. * Творчествоға араласқан отыз жылымыздың бойына осы мұраттарды мақсат тұттық. Елге, қоғамға міндетситін жәйім жоқ. Көкірегі ояу оқушы өзі айта жатар. Ф.Оңғ. ~ Ұлттық Баян-Өлгий аймағының бас билігін бірінші болып ұстап отырған осы Қаби Бәжіұлына келсек кәмелетке толғанша отбасының азғана малын баға жүріп діндар Ақмолла, ақсоян Дүгірек сынды далалық оқымыстылардан сабақ алып хат, шот танып сауат ашқан, кезінде көнекөз керауыз билердің лебізін байқап көзін көрген көкірегі ояу жінтікті жігіт еді. Ш.Рах.
