Көрген-білгені мол, ойы сергек; өз бетімен ой қорытып, пайымдай алатын адам туралы. ~ Оның арғы-бергі себеп ерінің түп тамырын ол кезде өзі де ойламаған. Әйтеуір көкірегі ояу, көзі ашық әкенің алдында өзінің осы төңіректегі болашаққа деген жоспарларын ашық айтқаны есінде. Г.Сейіт. * Әжесі Айғаным — көкірегі ояу,көзі ашық, сауатты, ақылды адам болған. Бір тіл білсең бір адамсың,екі тіл білсең екі адамсың демекші Айғаным әжеміз парсы, шағатай, араб, орыс тілдерін білген. БАҚ.
