Шын ықыласпен ақ көңілін, адал ниетін білдірді; сырын жайды. ~ Имандай сырым еді. Адамның көкірегін ашып шерткен сырын да фактіге тізеді екен-ау?! О сұмдық-ай! Н.Сер. ~ Бұл осыдан бір жыл бұрынғы әңгіме еді. Әуелі шәкірті, кейіннен қол астындағы лаборанты боп істеген, жиыны тоғыз жыл шамалы уақыт ішінде профессордың өзімен жақын сырласындай көкірегін ашып, жадырай сөй¬лескені сол шығар. Т.Сәу.
- Көзін жеткізді, сауатын ашты, ақиқат жолын нұсқады.
- «Шақырғанға бармай қалсам, қас болам, Көп жиында ішпесем де, мас болам. Ішіп алып мүйіздейді талайы, Бұл қауыммен қалай енді дос болам?» – деп ақтарылып айтқан шыны талайдың көкірегін ашты, тағылымды жырлары ел ішіне үлгі-өнеге болып жайылды. А.Қож. ~ Ал олардың көзін жеткізіп, көкірегін ашып алмай, бірден жазалау біздің ісімізді ілгері бастырады деп ойламаймын. Т.Әбд.
