Бүкіл бойын билеген, жүрегін жаулаған сезім хақында. ~ Көкірегін кернеген өрекпісін сыртына осылай шығарып, Джо біраз
үндемей отырды. Өзіне ой түскендей түрі бар. Ақыры: — Қыз-қырқынмен қалайсың? Көңілшек емессің бе? — деп қойды.
Дж.Лонд. * Жер үстінің наз-наласы соның ғана көкірегін кергендей, қарс айырғалы кернегендей. Азалы әуен, қара жамылған
қам келіншектердей тірі сөздер! Төбе құйқам шымырлап кетті. М.Әлімб. * Қайша (артынан жүгіріп ұстай алып). Сөйлеме,
кеселді қырсық! Не шатып тұрсың бағанадан бері? Қайтер екен десем, асқақтама! Көкірегіңді керме өйтіп! Аз ғана
сөйлескенге нең кетеді? М.Әу. ~ Бұл сүйіскендердің ішінде көкіректері кернеген, махаббатпен, бір-біріне жандарын қиярлық
ынтықтардың лептері қосылды. С.Сей. * Тұнық ауада ұзақ қалқып тұрып, көз ұшындағыны қол бұлғап шақырғандай болады.
Сол түтінге қарай түссең меймандос ошақтың иесі – әжейдің көгілдір көйлегі ме деп қаласың. Жанарыңды сәл жұмсаң – әдемі
елес көкіректі кернейді. Д.Дос.
