Posted in

КӨКІРЕГІНДЕ СӘУЛЕСІ БАР

Жүрегі жақсылыққа, имандылыққа бейім. ~ Көкірегінде дір еткен сәулесі бар пендені баурап, табан астында бақсыдай арқаландырып жіберердей сиқыр ырғақ буынға түсіп алқын– жұлқын тепсінеді. С.Ел. ~ «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей. Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Ж.Шәк. ~ Сайып келгенде ауылды жерде кеудесін көтере ұстайтын, көкірегінде сәулесі бар бір де бір адам қалмаған ғой. Төңірдей табынып сыйлаған Сталин көсемдерің сол ма тып–типыл еткен. Д.Дос.