Posted in

КӨКІРЕГІНЕ (КӨҢІЛІНЕ) СЕЗІК КІРДІ (ҰЯЛАДЫ)

Әлдебір күдік бойын билеп алды. ~ Лекіген мылқау қалың тобыр жота басында қалқиған екеуді әрі-беріден соң бұйым құрлы көрмей таптап өте шығатындай. Елтайдың көкірегіне сезік кірді, дүрбіні көзінен ала қойды. М.Қаб. ~ Бейістің көңіліне сезік кірді. Қой бүгін тоғытылудан қалғаны анық болды. Топыраш торыға мініп, ауылдан шықты. Енді шалды іздеуі керек еді… З.Шүк. ~ Көңіліне әлдене сезік ұялап, өн– бойын үрей билеп жүре берді. М.Сүн.