Дұрыс түсінді, ұғынды. ~ Төлегеннің өз бойында Үкілі Ыбырай, Ақан серідей дүлдүлдердің бір ұшқыны болмаса, тап осылай сипаттай алмас еді. Ақан сыры, Ақан мұңы көкірегіне қонды, ал өзі де кемеңгерліктен ада еместігін танытты. К.Салық. ~ Мейлі, бəрі бір, өлеңдегі жан тебірентер жанды сурет Мұхтардың көкірегіне біржола қонып ап, көзін жұмса да көкейінен кетпейді. М.Әу. ~ Қызының сөзі көкірегіне қонса да, шешесі: — Ол солай ғой, — деген. — Бірақ ерлі-зайыпты адамға арналған сондай заң бар. І.Ес.
КӨКІРЕГІНЕ ҚОНДЫРДЫ
Жүрегімен қабыл алды. ~ Сейілбек жер мен көл суретін көкірегіне қондырып, рақаттана балқып отыр еді. Харитонда үн жоқ. Жаңа көргендей көлге тесіле қарап қапты. С.Ом. ~ Ұлы Абай өз шығармашылығында «толық адам…» идеясын қалыптастыруда Шығыс ойшылдарының ғибратты өнегелерін өз санасына құйды, көкірегіне қондырды, нәтижеде, адам баласының бұл фанидегі орнын анықтады. С.Ораз. ~ Түсіндім, тақсыр хан. Хан сәл мүдіріп отырды да: − Ендеше, бұл гәпті өзгелердің де көкірегіне қондыра жүріңіз. Ә.Кек.
