Паңсыды, көпірді, кісімсіді, тәккапар мінез танытты. ~ Соқтыққыш жуандар, содырлы сайқалдар кімге көкірек керсін? Қайта
көптің бәрі аш-арық боп мойып қалғандықтан, жаңағы аман қалғанның барлығы биыл тыныш, жым-жырт жүргенді тәсіл
етіпті. М.Әу. ~ Сіз Абайды білем деп ойлайсыз. Әнін шырқап, өлеңін жаттап жүрген соң. Білмейсіз. Кеше де, бүгін де білген
емессіз. Білемін деп талай жерде көкірек кергенсіз. Анығында, ол — өзіңізді-өзіңіз әшкерелеу. И.Сап. ~ Осы төңіректегі №1-
ші бизнесмен Тастыбай Тастыбай басымен түкке тұрмайтын әлгіндей шаруаның тігісін жатқыза алмаса несіне көкірек кереді;
қарауындағыларға білгішсініп несіне ақыл үйретеді; қара жерді ойып жіберетіндей несіне талтаңдайды?! Қ.Жиен. ~
Балекеңе… Анау кішкентайларға көже- қатықтық бірдеңе берсейші. Солардың тәкаппарлығын кектеп қайтеміз. «Кедейдің
кербезінен сақта» деген. Қанша көкірек кергенмен оларға бізден жанашыр табылмас. М.Сүн.
