Posted in

КӨКІРЕКТІ ӨРТ ШАРПЫДЫ (ӨРТЕДІ)

Іші удай ашыды, қатты қапаланды; өзегі өртенді. ~ Аруақты үн, ыңырсып оянған сезім ағысы тәлтіректеп келіп ішектерге ілінген жерде секекулеп ойнақ басқан саусақтарға ілесіп, құлпыра жосыды. Ішек бойынан жел гуілдеп, шанақ үстінде құйын ұйтқыды. Жағалау орман туырлық болып желпілдеді. От басынан ұшқан қоламта түсіп көкіректі өрт шарпыды. Тұтас денені жалақтаған жалын тілі жалады. Ғ.Біл. ~ …осы тұңғыш өлеңінен бастап, әкесін сағынған қаршадай баланың көкірегін өртеген мұң-нала, үміт-арман оқушы дәптеріне түсе берді. БАҚ.