Posted in

КӨККЕ АТЫЛДЫ

Биікке ұшты, аспанға ұмтылды. * Бидің тамағынан қап-қара қан көкке атылды. Кілем үстін, Софының екі қолын бірдей, күп-күрең қанға бояп шыға келді. І.Ес. * Көкке атылды, қағынған, Қиядан кеп ілмекке. Оқшау тұрған табыннан. Жабағыны бүрмекке. Шыңырау көкте шырқады, Көз жіберді аймаққа. М.Мақ.* Қайтадан көкке атылды, Бар күшін жиып ақырғы. He таптың сол бір арадан, Қарасаң етті шамаңа… М.Мақ. * Жасыл фонтан болып көкке атылды Жапырағын бұрқыратып жас қайың. Қ.М.Әли.