Мал қыстан аман шығып, жаңа шыққан шөпті қорек ете бастады. ~ Қыстан шығып төлдеген малдың бойы жылынып, есін жинап, көкке аузы тигенде туса, оның төлі де ширақ, өзі де сау болады. Қ.Бег. ~ Көктем шығып, көкке аузы тигенше малға қанша шөп кететінін де баумен есептейді. Б.Мом. ~ Сол жылы қыс боранды болып, мал тұқымы сіңірін жалғап, көкке аузы әрең ілінген еді… Б.Тоғ. ~ Су төңіректеп отырған ала қаз, үйрек. Көкке ауызы іліккен мал да қунақ. Шаруаға да керегі сол. Жұрт райы ашық. С.Елу.
