Posted in

КӨККЕ ШАПШЫДЫ

Өрекпіді, киіп-жарып өзеуреді, биікке талпынды. * Арқалығы майысып, балық қарынданған аласа үйдің ішіндегі жабырқау, жадау көрініс көкке шапшыған көңілін жан-жақтан қыспақтап тұншықтырып тұр. Т.Сәу. * Жорға күй жолда шаңы бұрқыраған, Жалын күй көкке шапшып лыпылдаған. Кәріні бала қылып ойнатқан күй, Бұлақ күй сусағанға сыңқылдаған. І.Жан. * … алпауыттар «Элитсрой» дегенді көкке шапшытып, әрбір шаршыметрі пәленжүз доллар тұратын көкшіл шыны үйлерді, мәселен, Алматының оңтайлы тұстарына, тіпті орманын отап тастап, тізіп салып жатыр. Ғ.Қаб.