Posted in

КӨКТЕ (КӨККЕ) ШЫРҚАДЫ

Биікке шарықтады. * Көкке атылды, қағынған, Қиядан кеп ілмекке. Оқшау тұрған табыннан. Жабағыны бүрмекке. Шыңырау көкте шырқады, Көз жіберді аймаққа. М.Мақ. * Тына қалып тас кеуденің бұрқағы, Шырылдаған шындық көкке шырқады. Күнге беттеп күндей күліп келеді, Күннен туған ер Ғұндардың ұрпағы! Б.Әлімж. * Айтпасаң ұлттың сөзін не боласың, Судай боп құмға сіңген жоғаласың. Қырандай көкке шырқап шыға алмайды, Қанатын қарға қанша сабаласын. Н.Айт.