Posted in

КӨКТЕЙ СОЛДЫ

Тағдыр тауқыметін ерте көріп, ерте кетті. жасына жетпей қайтыс болды; қыршын кетті. * Қу соғыс жалмап тынды ғой, көктей солды ғой сорлы бала, – деп зар қақты ел-жұрт. З.Асаб. * Көптеген туыстарымыз сол ашаршылықта көктей солды, қыршын кеткен қаншама балалар. Ойласам жаным түршігеді». З.Кәр. * Жағыпар мұңайып, түңіле сөйлеген: – Ондай «қарғыс» маған қонудан кетті ғой, Әжімжан, ғұмыры баққаным, баптағаным,– жалғыз шыбық еді, ол көктей солды. Тұқым өшті деген осы. Ж.Нәж. * Желкең үзілгір, желкең үзілсін деп жүрсің ғой. Аз еді біреуіңнің көктей солғаның, – деді шал. Бұл жолы сақауланған жоқ. Кекететіндей емес, әңгіме қатайыңқырап қалды. Ш.Мұрт.
~ Сені сабағыңнан ерте үзіп, көктей солғызған соғысқа ылғи да көзім жасқа толып лағынет айтамын. С.Мұр. ~ Ата-анамның көз жасына шыққан жалғыз түп ағаштың басындағы қос алманың бірі Қарлығаш болса, бірі мен едім. Соның сыңарын көктей солдырғың келсе, не шара. Өзекті пендеге бір өлім, ажалдан қорқар жайым жоқ… А.Сей. ~ – Желкең үзілгір, желкең үзілсін деп жүрсің ғой. Аз еді біреуіңнің көктей солғаның, – деді шал. Бұл жолы сақауланған жоқ. Кекететіндей емес, әңгіме қатайыңқырап қалды. Қ.Ысқ.