Күтпеген, қол жетпестей көрінген қуаныш туралы; аңсаған арманына оп-оңай қолы жетті д.м. ~ Міне, бүгін олардың көктен тілегені жерден табылып, Ахметтің әлгі жазған соңғы хатын қолдарына түсірді. С.Тор. ~ Тотының төбесі көкке жетті әлгі жерде. Режиссермен танысады — қандай бақыт! Көктен іздегені жерден табылды. М.Қаб. ~ Бір жағынан «енді қашан» деп Қожанияз жан алқымға алып барады. Енді не істеп, не қоярын білмей жүргенде көктен іздегені жерден табылып, әйгілі отыз жеті келді «халық жаулары қайда»-лап. Н.Дәут. ~ Жаппар көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кетті. Бұл мұнара да тап сондай жеп-жеңіл, тап сондай ойнақы болуға тиісті. Ә.Кек. ~ Өстіп тиісерге қара таппай, қағынып отырғанда, мұның көктен сұрағаны жерден табыла кетпесі бар ма! О.Сәрс.
