Posted in

КӨКТЕН ҚҰДАЙ, ЖЕРДЕН ШҰНАЙ (КЕЛСЕ ДЕ)

Кім болса да. * Міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның түгі жылт-жылт еткен терісін сипап. – Көктен Құдай, жерден шұнай алмайды. О.Бөк. * Көктен құдай, жерден шұнай алғаны белгісіз. Із-түзсіз ғайып болды. Алғашында қашып кеттіге жорыған жігіттердің қаңқу сөзіне сенбедім. О.Бөк. Басыма нендей ауыртпалық түссе де д.м. * Кәмпіскесі болмақ түгіл, көктен Құдай, жерден шұнай келсе де айылымды жимаймын, – деді Долдаш шақшасын етігінің басына қағып. О.Бөк. * Көктен Құдай, жерден шұнай келсе де мықтаса жартысын алар, қалғанын қалдырар. О.Бөк.