Негізгі тақырыпқа қатысы жоқ, бөгде әңгіме. ~ Бір минут қана осы арада бір көлденең әңгімеге тоқтай кетейін. Ә.Нұрш. ~ Жалғас кезеңде советтен айрықша қысым, қудалау көрсе де, тұқым-жұрағаты үзілмепті, тағы қаншама жақсы азаматтар шықты. Әрине, мұның бәрі көлденең әңгіме, орайына қарай айтылып қалды. М.Мағ. ~ Ешқандай бөтен дыбыс жоқ: көлденең әңгіме, көмескі сарын, жат күлкі, жалған көз жасы, бөтен қасірет- қайғы, бейтаныс қуаныш- шаттық, бөлек ән- жыр… тегіс тып- типыл. Д.Аман.
