Бөтен адам; жат назар. ~ Сорбұлаққа барып қана қайтам дегем. Амалсыз босатты. Әрине, қарулымын. Қару болғанда, шошайған бесатар емес, ыңғайлы маузер, шидем ішінен байлап алдым, көлденең көзге байқалмайды. М.Мағ. ~ Көлденең көзге жағы ашылмайтын Тілеу жалғыз да болса Тілепалдысы барына шүкірлік етеді. Ә.Кек. ~ Неге олай болды? Қашанға дейін дәретін көмген мысықтай өз-өзінен қуыстанып, көлденең көзден жасқана бермек? Ә.Асқ. ~ Ал қара саулық үздік-үздік пысқырып көк бидайықты қытырлатып-ақ жатыр, көлденең көздің құртын түсірерлік. Х.Ес.
