Жеңіл жүріске салынған, ойнастық жасайтын әйел туралы. ~ Жерге түс, көкке үш, құдай алдында да айтарым осы! Көзіме ілінсе, көңілімнен шықса, көлденең көк аттыны құр жібермедім! Ал! – деп безеріп алған Ақтоты жұқа танауы желбіреп, қиғылық салды. С.См. ~ Ержеткен басы бос әйелде өсекке таңылмайтыны жоғын білеміз. Варвара да талайға таңылады, қанағатының қанша екенін өзі білсін, өсекшілер оған «көлденең өткен көк аттыны құтқармайтын қақпан» деген атақ жамайды. С.Мұқ.
