Posted in

КӨЛЕҢКЕ ҰЯЛАДЫ (ҰЙЫДЫ, ШАЛДЫ, ҮЙІРІЛДІ)

Күн қайтты, ақшам түсті. ~ Сайлау жерге күн сәулесі түспей көлеңке ұйып жатқан, трактор өрлеген сайын жарықтық күн де биіктеп, тау аласара берді. О.Бөк. ~ Қорқыныш бар бойында. Қартаяйын дегені ме, қорқа бергені несі? Сол-ақ екен, назары көлеңке ұйыған есік тұсқа іркілді, Жабық есіктің арғы жағында әлдене жасырынып тұрған сияқтанды. С.Ел. ~ Бұл шақта күн екіндіге тақап, тау қойнауына көлеңке ұялай бастаған. О.Бөк. ~ …Өзен бойы қарақұрық тартып, арғы беттің тоғайын көлеңке шалады. Қ.Ысқ.

Қараңғы түсе бастады. ~ Күн де ауып, ағаш қалтарысына түсті. Қызыл күреңдене жиекке тұсау бойы төніп тұр. Орман ішіне ала көлеңке үйіріле бастады. М.Сүн.