Posted in

КӨЛЕҢКЕЛІ ОЙ (СӨЗ)

Екіұшты, жағымсыз пікір. ~ Қайыр жан көңілі жүдеу тартты. Тағы да көлеңкелі ойға ойысқанынан ыңғайсызданып, «о несі- ей» деп қалды. М.Сүн. ~ «Моңғолдың құпия шежіресінің» Шыңғысхан немесе оның ұлдары билік құрған дәуірде жазылғанын еске алсақ, мұнда баяндалатын барлық оқиғалардың оның оң ұпайы үшін жазылғанын ұмытпауымыз керек. Сол себепті де Тұғырылхан тұлғасына қатысты тұстарда көлеңкелі ой тудыратын жолдар кезігіп жатса, оған таңдануға да болмайды. Ж.Шәк. ~ Көңілі қайта жайланғансын Қайсардың манағы: «Өткелші Қуеке» деген қыршаңқы, көлеңкелі сөзін еске алды. М.Сүн.