Көңілін жүдетті. * Өз үй, өлең төсегім-ай деп, бекер айтпаған ғой. Шаңырақтың басқалығы көңілге көлеңкесін түсіреді де тұрады. Б.Соқ.
КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРДІ
Кесірін тигізді,, көңілін қалдырды, ренжітті. ~ Қыз көлденең көзден қымсына құшағынан сытыла шығып, жігіт мейіріне көлеңке түсірмейін деді ме, күлімдей әлдене бір әзіл айтса керек. М.Сүн. ~ Елубай да осы кісіні бекер қинадым- ау деп іштей қапаланады. Мына заманда біреуге кесіріңді тигізу, көлеңкеңді түсіру — қандай жаман! Қ.Жиен. ~ Пендешілігіңді түсінесің. Біреуге көлеңкеңді түсірмей, тып – тыныш өзіңмен – өзің жер басып аман жүргеніңнің өзі әжептәуір олжа екен бүгінде. Қ.Жиен.
