Posted in

КӨЛЕҢКЕСІНЕН ҚОРЫҚТЫ

Не болса содан үрікті. ~ Ал, ат үстіндегі бастық атаулының басы ноқталы, бірімен бірі алакөз. Бірінен бірі сезіктеніп, бірінен бірі үріккен, көлеңкесінен қорыққан ала- құла заман, дүбара жылдар. Ә.Асқ. ~ Ол енді көлеңкесінен қорқа бастады. І.Ес. ~ … онсыз да көлеңкесінен қорқатын Сардар аға полисмендер қоршаған Ақанды көрсе ше? Онсыз да әлсіз жүрегі тоқтап қалып жүрер. М.Қаб.