Тілінің ұшына келді, айтқысы келді. ~ Агба қырынан тұрып та, жақындап та қарады, оған үңілген сайын “қайыршы” деген суық сөз көмейіне кептеле берді. А.См. ~ Жайлыбай езу тартты. Асыраубайдың көмейіне тағы бір сөз кептелген. Н.Дәу. ~ «Ол жақтың адамдары жақсы ма, жазықсыз кісілерге жәбір-жапа көрсетпей ме?» деген сауал көмекейіне кептелсе де айтпады. Ж.Шәк.
