Үні өшіп, сөйлей алмай қалды. ~ «Шешесінің жанында жүріп жетім болды-ау, жарығым», – деп ойласа көмейіне тас тығылғандай болады. С.Досж. ~ Өсек – өрт, қу шөптей лап ете түскенімен, жалыны қауламай төз сөнеді. Күні ертең-ақ көмейлеріне тас тығылады. Қ.Тол. ~ Құдай атсын сені, қонағым ғой. Ырқ- ырқ күліп, мәз болып тұрған Есләм көмейіне тас түйілгендей қиқ ете қалды. Қ.Ысқ. ~ Жолдастар! Шалқаров жолдас өте дұрыс айтады,— деді де көмекейіне тас тығылғандай аузын аңқайта ашқан күйі қатып қалды. Ә.Әб.
