Posted in

КӨМЕЙІНЕ (ӨҢЕШІНЕ) ҚҰМ ҚҰЙЫЛДЫ

Үндей алмады, аузын жапты; уәж айта алмай қалды. ~ Бұрын көзін жұмса-ақ, бұған қарай саусағын шошаңдатып, ауыздарына келгенді оттай жөнелетін кемиек шалдардың да көмейлеріне құм құйылыпты. Ә.Кек. * Әй, екі жүз соммен көмейіне құм құйылды ғой. Анау Балтаның келіншегі құрлы болмады-ау… С.См. * Мейлі, шыдамағандары жынданып кетсін, өңшең төбеттер!.. – Көмейлеріне құм құятын әдісің сол. Залымдарың жүрегіне қадалатын найза емес пе, ызалы өлең… Қ.Тол. * Мүмкіншілік беріп, көмейлеріне майлы сыбағаны тығып-тығып жіберсе, өңештеріне құм құйылып, көздері жайнап, қомағайланып шыға келер еді. С.См.

Дауысы шықпады, аузын аша алмады. ~ Шамалғаннан келген кісінің көмейіне құм құйылды, өкпе, шағым сөз саппа тыйылды. Кең сарай іші бірауқым күмбірлеп тұрды. Д.Досж. ~ Жон арқасы шымырлап қоя берді. Бұрылып қарамай-ақ тапал сарының даусын таныды. Шақырып алып, ұрсып-ұрсып көмейіне құм құйғысы келіп бір тұрды. М.Қаб.Дауысы шықпады, аузын аша алмады. ~ Шамалғаннан келген кісінің көмейіне құм құйылды, өкпе, шағым сөз саппа тыйылды. Кең сарай іші бірауқым күмбірлеп тұрды. Д.Досж. ~ Жон арқасы шымырлап қоя берді. Бұрылып қарамай-ақ тапал сарының даусын таныды. Шақырып алып, ұрсып-ұрсып көмейіне құм құйғысы келіп бір тұрды. М.Қаб.