Posted in

КӨН ЕТІККЕ ҚҰРЫМ ШҰЛҒАУ

Әр нәрсенің өз реті, әркімнің өз теңі бар д.м. ~ Рас, оны қуып жіберуіме әбден болар еді. Бірақ ол менің баламның әкесі ғой.
Үйде өлмелі шешесі тағы бар. Көн етікке құрым шұлғау, қайтем енді… Қу жаны әзер жеткен азаматты қайда тентіретпекпін?
Ә.Асқ. ~ Бикеден бастап осы ауылдың бәрі аусар. Басқа түгі жоқ. Үйі-күйі жұртсыз. Қазығы қарасыз. Көн етікке құрым
шұлғау біреу. Жетесіздің басқа ру-ұрымын тексеретін жайым болмады, – деп көңіліне діт сақтаған раймен ішін бермеді. С.См.